https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

×

Предупреждение

JFolder: :files: Путь ведёт не к каталогу. Путь: /var/www/vhosts/taglym.kz/taglim.kz/images/31454
×

Внимание

Пожалуйста, убедитесь что путь к папке верен и такая папка действительно существует. Галерея не может найти папку: images/31454

"Ислам жəне отбасы" тақырыбында келелі кездесу

06 Mar 2018 0 comment Оқылды: 562 рет

{gallery}31454{/gallery}2018 жылды Қазақстан мұсылмандары діни басқарма Төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы "Ислам жəне отбасы жылы" деп бекіткенін көпшілікке кеңінен насихаттау иман келтіргендердің міндеті екені сөзсіз. Исламдағы отбасы мəселесі арнайы ғылым болып қалыптасқан құндылық. Осы ғылым мен құндылықты толық меңгергенде ғана кəміл ислам отбасы үлгі болады. Биылғы жыл "Өзгерісті өзімізден бастап" ислам отбасына үлкен жауапкепшілік жүктейді. Талдықорған өңірі Ескелді аудандық мешіті осы ниетпен "Ислам жəне отбасы" тақырыбын келелі кездесуге арқау етті. Ескелді аудандық мешітінің Бас имамы Болат Сағынғалиұлы отбасы қалыптасуындағы ислам дінінің алар орнына, асыл құндылықтарына тоқталды. Аталмыш шараға Талдықорған қалалық Иман мешітінің ұстазы Мұхаммед Ордабайұлы қатысты. Бас имам Болат Сағынғалиұлы "Ислам жəне отбасы жылы" аясында қасиетті Құранды көп оқып жүруді, ең болмағанда Құран Кəрімнің қазақша мағынасы мен түсінігін оқып ой тоқу керектігін айтты. Исламның негізгі тіректеріне əрбір отбасы мұқият болса, нұр үстіне, нұр болмақ.

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз