{gallery}karatal{/gallery}
Қазіргі таңда жұртшылық арасында имандылық тұрғысында насихат жұмыстарын жүргізу – жастардың жат ағымдардың ықпалына еріп кетпеуіне оң әсерін тигізеді. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жергілікті жердегі өкілдері – облыс, аудан, ауыл имамдары осы бағытта дұрыс түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, халықтың діни сауатын ашу, көкейде жүрген сан сауалдарына жауап беру, жол сілтеу бағытында ілкімді істер атқаруда. Имамдардың біліктілігін арттыру ісі де назардан тыс қалмайды.
Жуырда Талдықорған өнірінің өкіл имамы Ардақ Нұсіпханұлының ұйытқы болуымен Қаратал ауданына Талдықорған қаласының «Иман» мешітінен ауданға Шынарбек Өкен пен Талғат Стамшалов азаматтар келіп, «Дінің болсын дін аман» атты семинар өткізді. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткен басқосуға аудан, қала, ауыл имамдары қатысты. Семинарда оқу білім имамдардың білімін көтеру, мешіт әдептері, уағыз айтудың ерекшеліктері, жергілікті жерлердегі жаназа жерлеу мәселелері, мешіт тазалығы мен мешіт құжаттары, мешіт жылуы және қайырымдылық шаралары секілді бағытттар бойынша іс-шаралар атқару тапсырылды. Жергілікті жердегі имамдар өзара пікір алмасу кезінде жұртшылықты имандыққа шақыру, дәстүрлі дін ұстанушыларға дұрыс үгіт-насихат жүргізу секілді мәселелер талқыланды.
Осыдан кейін азаматтар Б.Римова атындағы орта мектебінде терроризмге қарсы ттоп мүшелері, дінтану мұғалімдері, ауыл әкімдері, ішкі саясат өкілдерімен семинар өткізіп, Өкен Шынарбек «Дініміздің асыл құндылықтары» тақырыбында уағыз-насихат айтты. Ал бесін намазында мешіт жамағатына ислам дінінің игіліктері жайында ғибратты әңгімелер қозғалды. Сонымен бірге «Қайырымдылық - қайырлы іс» атты іс-шара барысында көмекке мұқтаж 21 отбасына қайырымдылық жасалды.
Бір айта кетерлігі, саламатты өмір салтын ұстану мақсатында мешіттер арасында волейболдан жарыс өтті. Жарыс жүлдегерлері арнайы сыйлықтармен марапатталып, құрметке бөленді. Осынау игі шаралар жұртшлықты қуаныш пен шаттыққа бөледі.