https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

×

Предупреждение

JFolder: :files: Путь ведёт не к каталогу. Путь: /var/www/vhosts/taglym.kz/taglim.kz/images/eskeldi
×

Внимание

Пожалуйста, убедитесь что путь к папке верен и такая папка действительно существует. Галерея не может найти папку: images/eskeldi

Ескелді: "Өзгеруді өзіңнен баста"

07 Feb 2018 0 comment Оқылды: 825 рет

{gallery}eskeldi{/gallery}

Қасиетті Құран пəрмені қай уақытта да маңызды. Сондықтан біз оны əрдайым басшылыққа аламыз. "Рағыд" сүресінің 11- аятында: "Қайсы бір қауым өзін-өзі өзгертпейінше, Алла оны өзгертпейді" дей отырып, адамның жақсы жаққа өзгеруінің негізі өзі екендігін ескертті. Осы ескертуді ел есіне салған Бас мүфти, ҚМДБ-ы төрағасы Серікбай қажы Сатыбалдыұлы: "Өзгеруді өзіңнен баста" деп, ұрымтал тұста ұлағатты ұран тастады. Аят астарын алты алашқа жеткізу мақсатында имамдар жұмыла əрекет етіп жатыр.

Осы орайда Талдықорған өңірі Ескелді аудандық мешітінің Бас имамы Болат Сағынғалиұлы Жұмағалиевтің ұйымдастыруымен ауданға қарасты имамдарға арналған жиын өтті. Тақырып: "Өзгеруді өзіңнен баста". Ескелді ауданына тиесілі ауыл имамдары ой-пікір, жоспарларын ортаға салды. Ортақ істің ойласар тұсы көп, сондықтан тұрыс жоқ. Өзгерісті бастамақ. Нəтижесінің жемісті болуын тілейміз. Жақсылыққа қарай өзгерудің өлшемі жоқ. Мұны имамдар жақсы біледі. Ендігі мақсат-оны жүзеге асыру. Бұрынғыдан да жақсы биікке жету. Ол үшін білімің мен білігіңді көрсетіп, білек сыбанып,"Өзгеруді өзіңнен баста". Аудандық мешіт имамы Болат Сағынғалиұлы алқалы жиында Бас мүфтидің арнайы айтқан тапсырмаларын тапжылтпай орындауды маңыздылығына тоқталды.

Кеңеске ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша өкіл имамы Ардақ Нүсіпханұлының тікелей нұсқауымен, аталмыш ауданның кураторы, "Иман" мешітінің ұстазы М. Ордабай қатысып, мешіт құжаттары, мешіт тазалығы, жоспарлы жұмыстар мен тапсырмалардың орындалуын қадағаланатынын айтты. Алда үлкен жұмыстар бар. Оның басы-өзгеруді өзімізден бастау.

ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша баспасөз қызметі

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз