{gallery}seminar-3{/gallery}
Орталық "Иман" мешітінде оқыту семинарының кезекті легі бітіріп шықты. Оқып жатқан имамдар 72 академиялық сағаттың ішінде "Ақида, Фиқһ, Тажуид, Құран, Шешендік өнер" сияқты пәндерден дәріс алды. Оған қосымша қарилар дайындау орталығымен бірлесе имамдар 20 күн ішінде жарты параға жуық Құран аяттарын жаттап шықты. Емтиханнан өтіп, оқыту семинарын сәтті бітіргендігі туралы арнайы үлгідегі сертификаттар табысталды.{gallery}seminar-3{/gallery}