{gallery}kerbulak-aiel{/gallery}
Кербұлақ ауданы орталық мешітінде әйел жамағатымен салт дәстүрді жаңғырту тақырыбында кездесу өтті.
Ондағы мәселе 2018-ші жылы алда кележатқан діни және мемлекеттік болған мейрамдарды дұрыс салт дәстүрімізге сай өткізуді жоспарлау және соған әжелеріміз белсенді ат салысса деген пікірді аудан имамы Андақұлов Сейтқали білдірді. Әжелер арасынан Ұлтай Ахметқызы сөз алып, бұл пікірді құптап өздері арасында дайындық жасасақ ұлттық дәстүрді дәріптесек тұсау кесу, балаға ат қою, бесікке салу т.с.с дәстүрімізді жастарға көрсетсек деген ойын қосты. Ұйымдастырушы ретінде жамағаттың барлығы Ұлтай Ахметқызына және Бибінұр Байғұлбекқызына дауыс беріп, жоғарыда аталған дәстүрлерді науырыз айына дайындауға ұйғарды. Келген жамағаттар былтырғы жылдағыдай әйел ұстаздармен кездесулер тағыда өтсе деген пікірлерін айтты. Сарыөзек ауылы имамы Бердібек Нұқтарұлы биылғы жылыда әйел ұстаздардан шақырып дәрістер өтетінін айтты. Артынан көкейде жүрген сұрақтарына тұшымды жауап алып, жамағат риза болып тарқасты.