https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

×

Предупреждение

JFolder: :files: Путь ведёт не к каталогу. Путь: /var/www/vhosts/taglym.kz/taglim.kz/images/bulakty-maulit
×

Внимание

Пожалуйста, убедитесь что путь к папке верен и такая папка действительно существует. Галерея не может найти папку: images/bulakty-maulit

Алакөл: Бұлақтыдағы мәуліт

19 Jan 2018 0 comment Оқылды: 543 рет

{gallery}bulakty-maulit{/gallery}

Ағымдағы жылдың 13 қаңтар күні 2018 жылы Бескөл ауылдық округі, Бұлақты ауылдық мәдениет үйінде Пайғамбарымыз Мұхаммад с.ғ.с туған күніне орай «Адамзаттың абзалы» атты рухани мәүлет кеші өтті. Кештің негізгі мақсаты жас ұрапақты имандылыққа тәрбиелеу, халқымызға дәстүрлі дінімізді насихаттау, пайғамбарға салауат айту. Шараға Бескөл ауылдық округінің әкімі Н.М.Бейсембаев мәуліт мерекесімен ауыл тұрғындарын құттықтады. Сонымен бірге кешке Талдықорған өңірі бойынша өкілі орталық «Иман» мешітінің бас имамы А.Нүсіпханұлы, Бескөл ауылдық округі әкімінің аппаратты, ардагерлер және әйелдер кеңесінің төрағалары, жастар, спорт нұсқаушылары, білім мекемелерінің ұжымдары, мешіт жамағаттары қатысты. «Самға» театрының әртістері пайғамбардың өмірі жайында уағыздар айтып, «Шүкірлік», «Ақырет күні», «Пайғамбар» тақырыптарында әндері мен қойылымдарды көрермендерге тарту етті. Сонымен бірге Бұлақты ауылы "Нұрғылқасыл" мешітінің бас имамы Қанағат Төкей кешті қорытындылап, барша мұсылман қауымын құттықтады. Шараға барлығы 270 адам қамтылды.

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз