{gallery}alakol-maulit{/gallery}
Ағымдағы жылдың 13 қаңтар күні Үшарал қаласы З.Қойшыбаев атындағы мәдениет үйінде Пайғамбарымыз Мұхаммад с.ғ.с туған күніне орай «Пайғамбар падишасы» атты мәүлет кеші өтті. Кештің негізгі мақсаты жас ұрапақты имандылыққа тәрбиелеу, халқымызға дәстүрлі дінімізді насихаттау, пайғамбарға салауат айту. Шараға аудан әкімінің орынбасары А.Абдинов мәуліт мерекесімен аудан тұрғындарын құттықтады. Сонымен бірге кешке Талдықорған өңірі бойынша өкілі орталық «Иман» мешітінің бас имамы А.Нүсіпханұлы, мекеме басшылары, округ әкімдері,ардагерлер және әйелдер кеңесінің төрағалары, жастар, спорт нұсқаушылары, білім мекемелерінің ұжымдары, мешіт жамағаттары қатысты. «Самға» театрының әртістері пайғамбардың өмірі жайында уағыздар айтып, «Шүкірлік», «Ақырет күні», «Пайғамбар» тақырыптарында әндері мен қойылымдарды көрермендерге тарту етті. Сонымен бірге аудандық орталық мешітінің бас имамы Ә.Молдахметов кешті қорытындылап, барша мұсылман қауымын құттықтады. Шараға барлығы 400 адам қамтылды.