https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

×

Предупреждение

JFolder: :files: Путь ведёт не к каталогу. Путь: /var/www/vhosts/taglym.kz/taglim.kz/images/ratbek2
×

Внимание

Пожалуйста, убедитесь что путь к папке верен и такая папка действительно существует. Галерея не может найти папку: images/ratbek2

Аңыз да, абыз ақсақал Талдықорған төрінде

12 Jan 2018 0 comment Оқылды: 748 рет
 {gallery}ratbek2{/gallery}
1990 жылы 12 қаңтар жұма күні төл мүфтиятымыз құрылған болатын. Айтулы күн ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен Жетісу жеріне ҚМДБ-ның тұңғыш бас мүфтиі Рәтбек қажы Нысанбайұлы қонақта болуымен тұспа-тұс келді.
Осыдан 28 жыл бұрынғы болған айтулы күннің және мүфтияттың тарихымен таныстыру үшін алғашқы кездесу орталық «Иман» мешітінде бір айлық имамдардың білімін жетілдіру және оқыту семинарында оқып жатқан өңір имамдарымен өтті. Кездесуде Рәтбек қажы діни қызметтегі кездесетін сан-қырлы жағдайлар туралы айтып берді. 
Сол күні орталық «Иман» мешітінде ақшам және құптан намазы арасында Талдықорған жамағатына дәріс жүргізілді. Дәрісте Рәтбек қажы Исламмен дәстүрді ұштастыра өнегелі уағыз жүргізді. Ұлт және жастар тәрбиесі, радикалды топтарға қарсы тұру туралы айтып беріп, бір қатар сұрақтарға жауап беріп, көпшілікті тәнті етті.
Облыстық ардагерлер үйіндегі кездесуде ақсақалды аталарымыз бен ақжаулықты аналарымызбен кездесуде мемлекеттің асыл дініміз бен дәстүрімізді дамытудағы зор үлесін айта кетті.
Ал, қасиетті жұма намазға жиылған жамағатқа Рәтбек қажы Нысанбайұлы «Исламдағы бауырмашылық негіздері» тақырыбында уағыз жүргізді. Жұма намаз соңында ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша өкіл имамы Ардақ Нүсіпханұлы Рәтбек ақсақалдың еліміздегі асыл дініміз Исламның дамуы мен бейбіт өмірге қосқан зор үлесін ескере отырып, өзі абыз, аты аңызға айналған қадірменді қонақтың иығына шапан жауып, қимастықпен қош айтысты. 
 
Талдықорған өңірлік баспасөз қызметі
Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз