{gallery}arasan{/gallery}
Әйгілі Қапал-Арасан шипажайы маңында орналасқан Арасан ауылында Пайғамбарымыздың(с.ғ.у.) туылған күні Мәуліт кеңінен аталып өтті. Арасан ауылының тұрғындары, ақ жаулықты әжелері, мен жастары бас қосқан жиын көптің жүрегіндегі Алла Елшісіне (с.ғ.с.) деген сағынышты оятып, көңілді толқытпай қоймады.
Салихалы кеш қасиетті Құранның теңдесіз аятарымен басталып, Пайғамбарға (с.ғ.с.) арнау өлеңдер оқылды, мешіт шәкірттерінің салауат, әндерімен жалғасын тапты. Ақ жаулықты аналарымыздың айтқан ұлағатты әндері жиналғандарға әсерлі болды. Арасан ауылының молдасы Кулубеков Асхат сөз сөйлеп, келген қонақтарға Мәуліттің маңыздылығы жайлы жеткізе келе ұлық мерекемен құттықтады.
Осы кеш барысында өнегелі істерімен әрқашан ауылдық молданың жанында ауыл тұрғындарына ізгілік істеп жүрген жандар марапаттармен аталып өтті.
Кеш соңында ауыл ақсақалы бата беріп, жастарға ұлағатты сөздерін жеткізді.