https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

×

Предупреждение

JFolder: :files: Путь ведёт не к каталогу. Путь: /var/www/vhosts/taglym.kz/taglim.kz/images/maulit2017
×

Внимание

Пожалуйста, убедитесь что путь к папке верен и такая папка действительно существует. Галерея не может найти папку: images/maulit2017

Еріксіз көзге жас келтірген кеш

25 Dec 2017 0 comment Оқылды: 820 рет

{gallery}maulit2017{/gallery}

Талдықорған өңірі өкілдігінің ұйымдастыруымен І. Жансүгіров атындағы мəдениет үйінде "Тәрбиенің шамшырағы Мұхаммед" атты рухани кеш аталып өтті.

Мəуліт кешінде, 700 адамға зәм-зәм сулар мен құрмалар таратылып, салауаттар оқылып, Пайғамбарға деген сүйіспеншілік пен ата-анаға қамқор болу, əйелдің еріне құрмет көрсетуі мен бала тəрбиесінің маңыздылығы жайлы қойылымдар қойылып, діни әндер оқылды.

Кеш барысында, ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша өкіл имамы Ардақ Нүсіпханұлының жүрек тебірентер уағызынан кейін, 2 жамағат, 1 мешіт ұстазы сахнаға шақыртылып, оларға тосын сый ретінде Ұмра қажылығының сертификаты табыс етілді.

Олар: 5 уақыт намазын мешітте оқитын, бірі Ербол зағип, енді бірі Елдос мүмкіндігі шектеулі жан еді. Оларға Қасиетті Мекке Медина қалаларына емін-еркін барулары үшін, әл-Азһар университетінің түлегі, Талдықорған орталық «Иман» мешітінің ұстазы Өкен Шынарбек қызмет етеді.

Ұлы сыйлыққа саханада тұрған үшеуі ғана емес залда отырған барша халық көздеріне еріксіз жас алды. Бір қызығы, қажылыққа жолдама алған Елдос сол залда отырғанда "Қажылыққа бару қанша екен? Анамды жіберсем екен шіркін"- деп іштей ойлап отыр едім деп өзінің ойлаған тілегі сол жерде қабыл болғанына Аллаға шексіз мақтауын айтып, таңданысын жасыра алмады.

Өкіл имамға алғысын білдіріп, ұмра қажылығына дүниеге əкелген анасын жіберуге рұқсат сұрап, анасына табыс етті.

Мәуліт мерекесіндегі мейірімі шексіз, Алладан іштей тілеген тілектердің сол мезетте орындала қалғанының куәсі болғанымызға жаратушыға шүкір етеміз.

ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша

баспасөз қызметі

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз