{gallery}888{/gallery}Талдықорған өңірі Алакөл ауданы Қабанбай ауылының имамдары Əділхан Жұмаш пен Фархат Жолдыбаевтың ұйымдастыруымен Сəметұлы Құмырбек мешітінде мəуліт мерекесі аталып өтті. Марлан Нұрбақытұлының Пайғамбарымыз Мұхаммедке с.а.с салауат айтуымен басталған рухани мереке, ауданның бас имамы Əнет Омарханұлының баяндауындағы хақ елшінің ғибратты ғұмыры жайлы тарихи деректермен жалғасын тапты. Мешіт шəкірттері "Тəубеге келу" жайлы қызықты қойылым көрсетіп, көпшіліктің көңілінен шықты. Мешіт хатымханасында келген қонақтарға дастархан жайылып, ас берілді.
Алакөл аудандық мешітінің баспасөз қызметі