Талдықорған орталық «Иман» мешітінде Талдықорған өңіріне қарасты аудан және қала имамдарының жылдық қорытынды есеп отырысы болып өтті. Есепте ҚМДБ және бөлімдерінің тарапынан берілген тапсырмалар , дін мен дәстүр аясында жасалған іс-шаралар бойынша аудан және қала имамдары орындалған жұмыстары бойынша есеп берді.
ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша өкіл имамы Оразбаев Ардақ есеп берген имамдардың жұмысына баға беріп, алдағы атқарылатын жұмыстарға қатысты нақты тапсырма және ескертулер берді.
Жиынға ҚМДБ-дан арнайы іс-сапар жұмысымен келген ҚМДБ іс басқарушысы Ербосын Орын және мешіт істері бөлімінің меңгерушісі Жәнділлә Бекжігітов қатысып, әр бір мешіттің құжаттары заңнамаға сәйкес болуын айта келе, ескертулер мен нақты тапсырмалар берді.
Талдықорған өңірінің баспасөз қызметі
{gallery}jyl-otr{/gallery}