{gallery}41{/gallery}Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында айтылған қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстары елімізде басталып кетті. Діни басқарма да осы мақсатта латын әрпіне көшіру жұмыстарын кезең-кезеңімен қолға алу керектігін жеткізген-тін.
Дін саласында латын әліпбиіндегі алғашқы құжатты ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша өкілдігі оқу семинарын бітірген имамдарға сертификат табыстаумен бастады. ҚМДБ-ның Бас мүфтиі Ержан қажы Малғажыұлының тапсырмасы ҚМДБ-ның білім және ғылым бөлімімен келісе отырып іске асырылды.
Латын әліпбиіне көшу – қазақ елінің жаңа заман талабына сай өсіп-өркендеуі, қазақ тілінің еркендікке қанат жаюуы, болашақта еліміздің жан-жақты дамуының айқын көрінісі деп білеміз.
Оқу семинарында имамдар "Ақида", "Қазіргі фиқһ мәселелері", "Құран оқу және тажуид", "Уағыз айту тәртібі", "Мемлекеттік іс-қағаздарды жүргізу" сияқты пәндерден дәріс алды. Дәрістерді Мысырлық "әл-Азхар" университеті және Түркиялық "Хасеки" академиясы сияқты жоғарғы оқу орындарын бітірген білікті мамандар жүргізді.
Жалпы 122 академиялық сағат дәріс алып, имамдар емтихан сынағынан өтті. Семинарды толықтай аяқтаған имамдарға ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша өкіл имамы Ардақ Нүсіпханұлы арнайы жаңа үлгідегі сертификатар табыстады.
Талдықорған өңірлік баспасөз қызметі