{gallery}5454{/gallery}Алматы облысы, Талдықорған өңірінің өкіл имамы Ардақ Нүсіпханұлы өңірге қарасты шалғай жатқан 4 (Алакөл, Сарқан, Панфилов, Кербұлақ) аудандарына арнайы іс-сапармен барып, аудан-ауыл, имам-молдаларына семинар жүргізді.
Семинардың өтуіндегі басты мақсат, ауыл имамдарының білім деңгейін көтеру, жергілікті халықпен жақсы мәмледе жұмыс жасаудың қыр-сырларын үйрету болып табылды.
Сонымен қатар, өкіл имамның басты назардағы тапсырмалары бойынша, ауыл мешіттерінің қысқы жылу дайындығы, имамдардың шапан тіктіру мәселесі, мешіттердің құжаттарын заңдастыру, мешіттердегі сауат ашу курстарын жандандыру және ауыл имамдарының Алматы қаласындағы Ислам Институтындағы 2 айлық курсында толығымен білім алып шығуларын тілге тиек етті.
Cеминар барысында, Талдықорған орталық «Иман» мешітінен өкіл имаммен бірге, орталық мешітінің ұстаздары, АНТ мүшелері, Алакөл ауданындағы 4 мешітте Қасиетті жұма күні уағыз айтып, жұма намазын оқыды.
ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша
баспасөз қызметі