https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

×

Предупреждение

JFolder: :files: Путь ведёт не к каталогу. Путь: /var/www/vhosts/taglym.kz/taglim.kz/images/774
×

Внимание

Пожалуйста, убедитесь что путь к папке верен и такая папка действительно существует. Галерея не может найти папку: images/774

Жетісу жеріндегі қазыналы қарттарға құрмет көрсетілді

04 Oct 2017 0 comment Оқылды: 670 рет

 

{gallery}774{/gallery}Талдықорған орталық "Иман" мешітінде "Қариясы бар ел - қазыналы" атты рухани кеш өтті.

Табаранидің риуаятында Ибн Аббастан келген Пайғамбарымыздың мүбарак хадисінде: "Істеріңді үлкендермен бастаңдар - себебі, береке - жасы үлкендермен бірге" делінген. Соған орай, Талдықорған өңірінің өкіл имамы Ардақ Нүсіпханұлы қызметінің бастауын намазхан қарт-қарияларға сый-сияпат жасаумен бастады.

Қарт-қариялар әрі мұхаррам айының құрметіне жайылған дастархан басында, игі іс-шараға тікелей бастамашы болған ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша өкіл имамы Ардақ Нүсіпханұлы сөзінде ардақты Пайғамбарымыздың хадисін келтірді: "Кімде-кімге Алла Тағала жақсылықты жазуды қаласа, оған ұзақ ғұмыр береді. Жасы ұзарған сайын ғибадатын көбейтіп, Алланың көптеген сыйына жолығады".

Аталмыш рухани кеште өкіл имам қарт ағаларымызға қасиетті Меккеден әкелінген зәмзәм суынан сияпат жасады.

Талдықорған қаласындағы мешіттерде егде жасына қарамастан тұрақты бес уақыт намазға қатысып жүрген қарт ағаларымызға арнап жайылған дастарханда викторина сұрақтарына дұрыс жауап бергендерге есте қалар силықтар берілді.

Рухани кешке қатысып, оң әсерлерін алғанын жасырмаған қариялар жаңадан келген өкіл имамға дән ризашылықтарын білдіріп, қызметіне сәттілік тілеп, баталарын берумен болып, өкіл имам әр бір ақсақалға жеке көңіл бөліп, иығына шапан жауып, марапаттап силық жасады. Марапатқа дән риза болған ақсақалдар өкіл имамға бата беріп, ризашылықпен тарқасты.

Талдықорған өңірлік баспасөз қызметі

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз