{gallery}0101{/gallery}
Алматы облысы Талдықорған өңіріне жаңадан өкіл имам сайланды.
Қасиетті жұма күні, ҚМДБ-шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Шоханов Сансызбай қажы Құрбанұлы жаңадан тағайындалған өкіл имамды мешіт жамағаттарына таныстырып, бұйрығын оқып, жұма намазының уағызын жүргізді.
Жаңадан сайланған өкіл имам Оразбаев Ардақ Нүсіпханұлы осы уақытқа дейін Талдықорған өңірі бойынша 1 нші найб имам болып қызмет атқарған болатын. Алла жаңадан тағайындалған өкіл имамның ісіне береке бергей!
ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша
баспасөз қызметі