{gallery}020203{/gallery}Талдықорған өңірі Алакөл ауданы Көктұма ауылдық Әмірқожа мешітінде Аудан бас имамы Әнет Омарханұлының ұйымдастыруымен «Имандылық –рухани жаңғыру кепілі» атты имамдар семинары болды.
Семинарды Талдықорған өңірінің өкілі имамы Серікхан қажы Рымханұлы өткізді. Семинар барысында имандылық рухани дамудың негізгі бастамасы екені сөз болып, имамдардың халықты имандылыққа шақыруда атқаратын рөлі мен орны жайында насихат айтылды. Семинар соңында белсенді қызмет атқарған Қабанбай ауылы Құмарбек Сәметұлы мешіт имамы Фархат Жолдыбайұлына, Жыланды ауылдық мешіт имамы Әділғазы Сейтжаппарұлына, Бұлақты ауылдық Әз-ана Нұрғұлқасыл мешітінің имамы Қанағат Төкейұлына және Көктұма ауылдық Әмірқожа мешіт имамы Серік Ақылбекұлына алғыс хат табысталды.
Талдықорған өңірі Алакөл аудандық орталық мешіт баспасөз қызметі