{gallery}52152{/gallery}Талдықорған өңірі, Ақсу аудандық орталық мешітінің ұйымдастыруымен жылдағы дәстүрге сай Рамазан айы құрметіне «Тегін такси» қайрымдылық шарасы өтті. Сенбі күнгі жәрмеңкеде 10 такси халыққа тегін қызмет көрсетті. Халық осындай ізгі шараға разылығын білдіріп, алғыстарын айтып, жақсы көңіл күймен үйлеріне қайтты.
Ақсу аудандық мешітінің баспасөз қызметі.