{gallery}32.0.{/gallery}Қасиетке толы Жұма күні орталық «Иман» мешітінде "Сәт сапар саған, жас түлек" атты кездесу болды. Кездесуге Талдықорған қаласына қарасты барлық қазақ орта мектептерінен 11 сынып бітіруші түлектер қатысты.
ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша өкіл имамы Серікхан қажы Рымханұлы жастарды жігерлендіретін тартымды уағызын айтты.
Сонымен қатар, Нұр- Мүбарак университетінің ұстазы, қари Мұхаммед Амин Ғиса өз кезегімен сөз алып, уағызы барысында Сұлтан Бейбарыс бабамызды тілге тиек етіп, жастарды білімді болуға шақырды.
Кездесу соңында мектеп бітіруші түлектер, Мысыр елінен келген ұстаздың ақ батасын алып, білімге деген сезімдерін құштарландырды.
ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша
баспасөз қызметі