https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

×

Предупреждение

JFolder: :files: Путь ведёт не к каталогу. Путь: /var/www/vhosts/taglym.kz/taglim.kz/images/5465465
×

Внимание

Пожалуйста, убедитесь что путь к папке верен и такая папка действительно существует. Галерея не может найти папку: images/5465465

Рамазан айының қарсаңындағы қайырымдылық шара

28 May 2017 0 comment Оқылды: 823 рет

 

{gallery}5465465{/gallery}Талдықорған өңірі Алакөл ауданы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бас мүфтиі Ержан қажы Малғажыұлы өзінің үндеуінде кәсіпкер азаматтарды қасиетті Рамазан айында жағдайы төмен жанұяларға  барынша қайырымдылық шарасын жасауға шақырған еді. Елбасымыз да жақында еліміздегі бай-дәулетті азаматтардың мұқтаж жандарға қарайласып, жəрдемдесу керектігін айтты. Мемлекет басшысының бұл ізгі бастамасына үн қосып, сауапты істерге ат салысу баршамыздың азаматтық борышымыз деп есептеймін. Жақында ғана ауданымызға сонау Қызылордадан күріш артқан қайырымдылық керуені келген еді. Бұл қайырымды жан кім екен десек, елімізге белгілі кəсіпкер, атымтай жомарт ағамыз, Бауыржан Кеңесбекұлының жолдастары екен. Бауыржан ағамыздың құрметі үшін Алланың разылығын тілеп жасаған сыйлары деп қабылдадық.Алла разы болсын! Жоғары сапалы күріштен ең бірінші болып Жыланды, Лепсі ауылдарының мұқтаж жанұяларына таратылса, бүгін аудандық орталық мешітте Үшарал қаласы мен аудандағы жиырма төрт ауылдық округінен келген жалғыз басты, көп балалы, аз қамтылған 100 жанұяға 1- тонна күріш таратылып, қайырымдылық шарасы жасалды. Алла қаласа қайырымдылық шарасы Рамазан айы бойы жалғасын таппақ. Келе жатқан берекелі де мерекелі Рамазан айы баршамызға мүбарак болғай! Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын ағайын!

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз