{gallery}456978{/gallery}
ҚМДБ-ның РАНТ мүшесі, Нұр-Астана мешітінің найб имамы Қабылбек мырза Әліпбайұлы Талдықорған өңіріне ат басын тіреп, ұйымдастырылған жоспар бойынша 3 кездесуде болды.
Атап айтсақ, бесін намазынан кейін Көксу аудандық орталық мешітінің жамағатымен жүздессе, Ақшам намазынан кейін Талдықорған қаласы, орталық «Иман» мешітінде уағыз айтты.
Сонымен қатар, Ескелді ауданы, Ешкіөлмес ауыл тұрғындарына да әсерлі насихатын жалғастырды.
Әр кездесу соңында жамағаттар тарапынан қойылған сұрақтарға дәлел бойынша аят хадистермен жауап берді. Жетісу жұртшылығы келген ұстазымыздың қадамына ақ жол тілеп, айтылған насихатына тәнті болып тарқасты.
ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша
баспасөз қызметі