{gallery}789546{/gallery}
Талдықорған орталық "Иман" мешітінен, Қарағанды қаласына "Қайырымдылық керуені" атты жүк көлігі бағыт алды. Қайырымды іске 100 қап ұн, 100 қап кеспе, 40 литр су май, 93 дана көрпе –жастық, 100 пар аяқ киім және 15 сөмке азық- түлік жалпы саны 3 тонна зат жөнелтілді.
Сауапты іске ат салысып мұрындық болған өкіл имамға, зекет қоры өкіліне және мешіт жамағаттарына Алла разы болғай!
ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша
баспасөз қызметі