https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

×

Предупреждение

JFolder: :files: Путь ведёт не к каталогу. Путь: /var/www/vhosts/taglym.kz/taglim.kz/images/354654
×

Внимание

Пожалуйста, убедитесь что путь к папке верен и такая папка действительно существует. Галерея не может найти папку: images/354654

Имам-рухани жаңғыру жолындағы ұлағатты ұстаз

04 May 2017 0 comment Оқылды: 850 рет

 

{gallery}354654{/gallery}Елбасы жақында Қазақстан Халқы Ассамблеясының ХХV сессиясында биылғы жыл тәуелсіз Қазақстан үшін ерекше жыл болып саналатынын атап өтті. «Жүйелі жаңғыру биыл біздің бүкіл жұмысымыздың өзегіне айналды. Біріншіден, экономикалық жаңғыруды қолға алдық. Екіншіден, саяси жаңғыруды бастадық. Үшіншіден, рухани жаңғыруға кірістік» деген болатын. Елбасының жуырда жұртшылыққа жол тартқан мақаласы осынау рухани жаңғыруды өзінің алтын арқауы етіп алған болатын. Қазақстан қоғамында кеңінен талқыланған  бұл үндеу сипатты мақаланы дін саласының өкілдері де қызу қолдап жұмыстарының өзегі етіп алды. Жақында ауданымызда «Имам-рухани жаңғыру жолындағы ұлағатты ұстаз» тақырыбымен өткен  семинар-кеңес осынау келелі мәселені арқау етті. Шараға ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша өкіл имамы Серікхан Ахмадиев қатысты. Серікхан Рымханұлы алқалы басқосуда жуырда өткен ІІ Республикалық имамдар форумында көтерілген өзекті мәселелер төңірегінде ой өрбітіп, форумда қабылданған «ХХІ ғасырдың үздік зияткер имамы» тұжырымдамасынан туындайтын негізгі міндеттер турасында айтып өтті. Жаһандану кезеңі қазіргі имамдарға да зор жауапкершілік жүктеп отыр. Өзгерген өркениеттерге сай дін қызметкері де заман сұранысына жауап бере алатын деңгейде болуы шарт. Асыл дініміздің дамуына соны серпін беріп, биік белестерге жетелеген Форум Қазақстан қоғамындағы діни мәселелерді ауқымды шара аясында талқылауға зор мүмкіндік берді. Тұжырымдаманың көздеген мақсаттарының бірі жергілікті имамдардың беделін көтеру. Өз міндетін абыроймен атқарып, тұрғындарды имандылық нәрімен сусындата білген жауапкершілікті имамдарды жұмысына сай көтермелеп, марапаттап отыру аталмыш тұжырымдамада айқын көрініс тапқан. Сондай-ақ үздік зияткер имамның бойында болуы тиіс ізгі қасиеттер мен оларға қойылатын талаптар жайлы да жан –жақты әңгіме өрбітіп  өкіл имам ауылдық мешіттердегі имам-молдаларға осынау міндеттер аясында жұмыс жасап  үдеден шыға беретіндіктеріне сенім білдірді.

П.Жеңісхан,

Сарқан ауданы.

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз