{gallery}45{/gallery}Алматы облсы Талдықорған өңірі Алакөл ауданы бойынша имамдарымен кездесу өтті. ҚМДБ-ның найб мүфтиі, Астана қаласы «Нұр-Астана» орталық мешітінің бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы ІІ Республикалық имамдар форумында қабылданған «ХХІ ғасырдың үздік зияткер имамы» тұжырымдамасы мен «Ханафи мәзһабы мен Матуриди сенім мектебі - Қазақстандағы исламның дәстүрлі жолы» ұстанымындағы жүктелген міндеттерді жеткізіп, ауыл имамдарының қойған сұрақтарына жауап беріп, көп жылдық имамдық іс тәжірибесімен бөлісті.