{gallery}5641{/gallery}Қазіргі таңда кісі қазасынан кейін аста-төк Құдайы ас беру әдетке айналды.
Тойды өткізумен Құдайы ас берудің өзіндік әдебі, тәртібі болуы керек. Шектен тыс шығынға батып, ысырап етуге болмайды. Мұны дініміз де құптамайды. Ақсу ауданына қарасты Суықсай, Ащыбұлақ, Матай ауылдарында баршаға тиімді болатын Құдайы астың ортақ мәзірін әзірлеп, көпшілік қауымға талқыға салынды. Бұл бастамамызға ел ағалары, ақсақалдар, мешіт жамағаты үлкен қолдау көрсетіп жатыр. Мәселен, Матай ауылында халықпен келісілген ас мәзірі бойынша Құдайы ас беріліп келеді. Жергілікті жамағат игі бастама үшін алғысын білдіріп, ізгі тілектерін жеткізуде.
Дінімізде міндетті түрде қарызданып немесе өзіңе қажетті қаржыңды жұмсап, қайтыс болған кісі атынан үлкен мал сойып, садақа бер деген үкім жоқ. Садақалар, Құдайы астар берілген жағдайда ысырапқа жол берілместен атқарылуы тиіс. Бұл игі шараны аудан көлемінде қолға алу көзделуде.
Ақсу аудандық мешітінің баспасөз қызметі.