https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

×

Предупреждение

JFolder: :files: Путь ведёт не к каталогу. Путь: /var/www/vhosts/taglym.kz/taglim.kz/images/0607
×

Внимание

Пожалуйста, убедитесь что путь к папке верен и такая папка действительно существует. Галерея не может найти папку: images/0607

Қасиетті айда қайырымдылық жасалды

06 Шілде 2016 0 comment Оқылды: 1157 рет

 

     {gallery}0607{/gallery}Қасиетті Рамазан айында шілденің 1-нен 2 - не қараған түн Ләйләтүл-Қадр, яғни «Қадір түні» аталып өтті. Ауданымыздағы мешітте Қадір түні жоғары деңгейде аталып өтіп, жиылған жамағатқа арналып бірнеше шаралар ұйымдастырылды.

     Ақсу ауданының тұрғындарын Қадір түнімен құттықтауға аудандық мешіттің Бас имамы Анарбай Тасболатұлы қатысып, аудан тұрғындарына лебізін, уағыздарын айтты. Содан кейін ең алдымен тарауық намазы оқылып, Хатым дұғасы жасалынды. Сонымен қатар, осы күні жамағатқа бірнеше уағыздар айтылып, құлшылық маңыздылығы түсіндіріліп, осы түннің ерекшеліктері мен артықтышылықтары насихатталды. Қадір түнінде мешітке жиналған халық санында шек болмады.Қадір түні аясында жамағатқа арнайы сәресі ұйымдастырылып, балмұздақтар таратылып, көпшілік ризашылығын білдірді.

       Сондай – ақ, ауданымыздың бас имамы Анарбай Тасболатұлының бастамасымен аудандық мешітте 100 отбасыға салмағы 20 келі болатын азық – түліктер мүмкіндігі шектеулі, тұрмыстық жағдайы төмен, көп балалы отбасыларға қасиетті айда беріліп,  қайрымдылық жасалды.

       Имам Анарбай Мәнбетов қол ұшын берген азаматтарға шексіз риясыз алғысын білдіріп, өткен ата – бабаларына дұға жасап, жылына бір келетін Рамазан айының мұсылман баласыныңөміріндегі маңызын түсіндіріп, Қасиетті Құранда Алла Тағала құлдарына «Жақсылық жасаңдар, сонда нағыз жетістікке жетесіңдер (яғни ақыретте де тозақ азабынан құтылып, шексіз нығметке бөленесіңдер)» (Хаж сүресі, 77 аят) деген. Сол үшін мұсылман баласының бір-біріне көмек-жәрдем жасауының сауабы мол. Садақа беруден мал-мүлік азаймайды, қайта Алла сол жақсылық жасаушы пенденің нығметін көбейтіп, беделін арттырады. Барша мұсылмандарды осы қасиетті Ораза айы мерекесімен шын жүректен құттықтап, отбасыларына Алланың нұры жаусын деген ақ тілегін білдірді.     

Ақсу өңірі газетінің тілшісі Ләззат ҚАСЫМБЕКОВА.    

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз