{gallery}0606{/gallery}Биылғы жылы ҚМДБ-ның ұйымдастыруымен Түркия елінен еліміздің қалаларында тарауық намаздарында Құранды хатым етуі үшін 35 қари келді. Оның екеуі Талдықорған өңіріне келді. Емин Челен атты қари Алакөл аудандық мешітте хатым түсіретін болды.
Қасиетті Рамазан айының құрметіне Талдықорған қаласындағы орталық «Иман» мешітінде тарауық намаздары 5 маусым күні құптан намазынан басталды. Рамазан айы бойы тарауық намаздарында Құранды толық хатым етуі үшін Стамбул қаласынан келгенОзкан Караман қари жүргізетін болды.
Құптан намазы алдында ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша өкіл имамы С. Ахмадиев Рамазан мен оразаның қасиеттері туралы уағыз айтып, қариды жамағатқа таныстырды. Өз қатарында Сабри қари сөз сөйлеп, Қазақстанға алғаш келгендігін, қазақ елінің қонақжайлылығына, мешітте намазға жиналған жамағаттың көптігіне таң қалғандығын жеткізді. Екі елдің ынтымағы одан әрі нығаюына, Рамазан айы бойы жасаған құлшылық-ғибадаттардың қабыл болуына тілектес болып, елімізге тыныштық, Елбасымызға амандық тіледі.
Талдықорған өңірі бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі