https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

БАС МҮФТИ ҚҰРБАН ШАЛУ РӘСІМІ ҚАЛАЙ ӨТЕТІНІН ХАБАРЛАДЫ (ФОТО)

16 Шілде 2021 0 comment Оқылды: 323 рет

Бүгін Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Орталық Коммуникациялар қызметінде өткен брифингке қатысып, биылғы Құрбан айттағы құрбан шалудың ерекшелігіне тоқталды.

ҚМДБ Төрағасы брифингте бүгін дүниеден өткен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бұрынғы бас мүфтиі, дін қайраткері, академик, көрнекті ғалым Әбсаттар қажы Дербісәлінің отбасына көңіл айтты.

Одан әрі Наурызбай қажы Тағанұлы Құрбан айт мерекесі биыл елімізде 20-22 шілде аралығында өтетінін хабарлай келе, құрбандық шалу рәсімі қатаң санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, «қызыл» аймақта тек онлайн форматта, ал «сары», «жасыл» аймақтарда онлайн және офлайн форматта өткізілетінін алға тартты.

«2021 жылы құрбан шалу рәсімін өткізу екі жолмен жүзеге асырылады. Бірінші жолы – мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдары тарапынан рұқсат берілген жергілікті қасапханаларда санитарлық ережелерді қатаң сақтай отырып «сары» және «жасыл» аймақтарда онлайн және офлайн форматта өткізу.

Екінші жолы – еліміздің «қызыл» аймақтарында бүгінгі пандемия жағдайында құрбан шалушыға қолайлы жағдай жасау және көмекке мұқтаж жандарды қолдау мақсатында өткен жылдың тәжірибесін қолданып, құрбан шалу рәсімін шариғаттағы «өкілдік» қағидасына сәйкес qurban2021.kz сайты арқылы тек онлайн режимде жүзеге асыру» деп атап өтті Бас мүфти.

Брифинг кезінде Бас мүфти құрбандық шалатын арнайы бекітілген орындар және мұқтаж отбасыларға құрбандық етін тарату жұмысын ҚМДБ-ның өкілдіктері, мешіт жамағаты мен еріктілер жүзеге асыратынын атап өтті.

 
Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз