https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

БАС МҮФТИ: ТЫҢ ТӘСІЛ, ЖАҢА ИДЕЯ АЯСЫНДА ЖҰМЫС ІСТЕУІМІЗ КЕРЕК (ФОТО)

27 May 2021 0 comment Оқылды: 355 рет

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Алматыда тәуелсіздігіміздің 30 жылдық, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің 20 жылдық мерейтойына арналған «Ұлттық рухани тұтастықты дамытудағы діни білім берудің маңызы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысып, баяндама жасады.

«Бүгінде ұлттық рухани тұтастығымызды дамытуда діни білім берудің маңызы күннен күнге артып келеді. Исламды қаралау сынды әрекеттер біздің арамыздағы әріптестік байланысты одан сайын күшейтіп, рухани тұтастығымызды дамытуға қатысты жұмыстарымызды жандандыру қажеттігін дәлелдеді. Осы ретте діни оқу орындары арасындағы ортақ келісімді жаңартып, әріптестік қарым-қатынасты жаңа деңгейге көтеруді ұсынамын. Сонымен қатар ғылыми зерттеу орталықтары арасындағы өзара тәжірибе алмасу іс-шараларын өткізу қажеттігін айрықша атап өтер едім.

Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа жолдаған Жолдауында: «Алдымызда ауқымды әрі күрделі міндеттер тұр. Соларды табысты жүзеге асыру үшін тың тәсіл, жаңаша ойлау, жалпыұлттық ынтымақ және өзара қолдау қажет» деп атап өткен болатын.

Расында дін қайраткерлерінің де қоғам алдындағы жауапкершілігі мен міндеті жоғары мәнге ие. Біз күрделі әрі нәзік сала болып саналатын діни бағыттағы жұмыстарымызды табысты жүзеге асыру үшін тың тәсіл, жаңаша идеяның аясында топтасып, бірлігімізді танытуымыз тиіс. Ол үшін ең әуелі Ислам әлеміне ортақ бірлік пен өзара татулық ауадай қажет» деді Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.

 
Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз