Алматы қаласының бас мемлекеттік Санитариялық дәрігері Ж.Бекшиннің 23.04.2021ж. №16 Қаулысында Діни нысандардың жұмысына қатысты: «Жеке және ұжымдық құдайға құлшылық етуге (Жұма намаздары, жексенбі қызметтері) тек діни объектілер аумағында (ашық ауада) толтырылуы 50%-дан және ұзақтығы 60 минуттан артық емес, әлеуметтік қашықтықты 1,5 метрден кем емес және маскалық режимді қатаң сақтай отырып, тиісті белгілерді орнатқанда ғана рұқсат етіледі», – деп көрсетілді.
Осыған орай, Алматы қаласы бас санитарының және ҚМДБ-ның Жұма намазы оқылатын мешіттерге қойған талаптары негізінде төмендегі шарттарды орындауды сұраймыз.
1. Жұма намазын мешіт аумағында (ашық ауада) оқу;
2. Жамағаттың мешіт ауласында намаз оқуына жағдай жасау, антисептиктер, маскалар қою;
3. Мешітке міндетті түрде, бетперде тағып келу;
4. Дәретті барынша үйден алып келу;
5. Намаз оқитын жайнамаздарын үйден алып келу;
6. Мешіт аумағында белгілі арақашықтықты сақтау, бір-бірімен қол алыспау;
7. Намаз оқығанда арақашықтық 1,5 метрден жақын болмау, намазды арнайы белгіленген орында оқу;
8. Мешіт аумағында ұзақ уақыт қалмау;
9. Дене қызуы 37°-дан жоғары, сондай-ақ тұмау және басқа да ауру белгілері бар адамдардың мешітке келмеуі;
10. Жасы 65-тен асқан қариялардың, балалар мен әйел кісілердің мешітке келмегені дұрыс.
11. Күнделікті мешіт ішіне және ауласына залалсыздандыру жұмыстарын жүргізу.