https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

БАС МҮФТИ КАИРДЕ УАҚЫП МИНИСТРІМЕН КЕЗДЕСТІ (ФОТО)

15 Mar 2021 0 comment Оқылды: 292 рет

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Каирде Мысыр Араб Республикасының Уақып министрі Мұхтар Жұмамен кездесті.

Кездесуде Бас мүфти Діни басқарма жанынан ашылған «Талаба» қауымдастығының Мысырдағы өкілдік жұмысын жандандыру мақсатында Каир қаласынан арнайы кеңсе ашуды ұсынды. ҚМДБ төрағасы министрге Мысырда оқып жатқан қазақстандық студенттерге Діни басқарма тарапынан арнайы жауапты өкіл тағайындалғанын жеткізіп, осы бастамаға қолдау көрсету қажеттігіне айрықша тоқталды. Министр Мұхтар Жұма бұл бастамаға қолдау көрсететінін мәлімдеді. Басқосу барысында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы:

«Қазақстан және Мысыр халқының арасында ғасырдан ғасырға жалғасып келе жатқан тарихи, бауырластық байланыс бар. Бауырластық байланыстың нәтижесінде Қазақстан Республикасында Нұр-Мүбәрак Египет Ислам мәдениеті университеті салынды. Университет ұстаздары дін кадрын дайындауда үлкен еңбек сіңіріп келеді. Біздің елде студенттерге дәріс беріп жатқан барша мысырлық ұстаздарға ерекше алғыс айтамын. Алла разы болсын!» деді.

Кездесуде тараптар  бірлескен жобаларды жүзеге асыруға, кітап шығаруға уағдаласты. Бас мүфти министрге ізгі тілегін білдіріп, «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына 30 жыл» мерекелік медальмен марапаттады.

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз