https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

БАС МҮФТИ ЖИЫН-ТОЙЛАР МЕН САДАҚА АСТАРҒА МҮМКІНДІГІНШЕ БАРМАУҒА ШАҚЫРДЫ

03 Шілде 2020 0 comment Оқылды: 413 рет

Бүгін елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының COVID-19 коронавирусі кезінде жаназа және құдайы ас өткізуге қатысты арнайы баспасөз мәслихатын өткізді.

Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде тікелей эфирде өткен брифингте Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы карантин талаптарын қатаң сақтап, жиын-тойлар мен садақа астарға мүмкіндігінше бармауға шақырды.

«Қазақ халқы торқалы той мен топырақты өлімде төбе көрсетуді өзінің міндеті санайды. Тойда тілек айту немесе кісі қайтқанда оған бір уыс топырақ салу – салтымызға сіңген ғұрыптың бірі.

Алайда адамның ғұмыры – Алланың аманаты. Оған адал болу – адамдық борыш. Немқұрайлы қарау – қауіп пен қатерге апарады. Сондықтан елдегі барша жамағатты осы бір қиын кезеңде барынша сақтануға, жиын-тойлар мен садақа астарға мүмкіндігінше бармауға шақырамын» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз