Бұл туралы ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева халыққа есеп беру кездесуінде айтты.
Аида Балаеваның айтуынша, "Абай ТВ" арнасы ертеңнен бастап көрсетіледі.
"Қазір жаңа екі телеарна ашу мәселесі қарастырылып жатыр. "Абай ТВ", "әл-Фараби" телеарнасы. "Абай ТВ" телеарнасы ертең - 30 маусымда көрерменге жол тартады. Ол "Қазақстан" ТРК" құрамына кіреді және отандық мәдениет мұрасын насихаттайтын арна болады. Екінші тележоба "әл-Фараби" телеарнасы, "Хабар" телеарнасының базасында жаңа оқу жылының қарсаңында көрсетіле бастайды. "Әл-Фараби" телеарнасы оқу-ағарту телевизиялық платформа болады. 6-18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге арналған телеарна болады. Пандемия кезінде мұндай телеарнаның өзектілігі білінді", - деді министр ОКҚ алаңында.
Біздің арнаға жазылыңыздар
http://t.me/taglymkz