Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы БАӘ-нің Қазақстандағы делегациясын өтініштері бойынша қабылдады.
Атап айтқанда, Сақр бен Мухаммад Әл Қасими атындағы гуманитарлық және қайырымдылық қорының бас директоры Ахмад Рашид Суфа Әз Зағаби мен Біріккен Араб Әмірліктері Елшілігінің Үшінші хатшысы Аммар Омар Аль Брейкимен екіжақты рухани байланысты арттыру, қайырымдылық жұмыстарына белсене араласу жағы сөз болды. Кездесу барысында шетелдік меймандар еліміздегі құрылысы тоқтап тұрған және алдағы уақытта салынуы жоспарланған бес мешітке қаржылай көмек беретінін жеткізді. Аталған сауапты іс БАӘ қайырымдылық қорлары арқылы жүзеге аспақ. Мешіт құрылысына қолдау көрсету туралы бұған дейін Бас мүфтимен болған екіжақты келісім негізінде жасалмақ.
Кездесу соңында наиб мүфти меймандарға ілтипат көрсетіп, сый-сияпат жасады. Сондай-ақ Ахмад Рашид Суфа Әз Зағабиде Діни басқармаға естелік сыйлығын тапсырды.
{gallery}naib-mufti{/gallery}