Астанадағы Гуманитарлық заң колледжінің студенттерімен жүздескен ҚМДБ төрағасы Серікбай қажы Ораз Хәкім Абайдың өлеңінде айтылған өсиеттер жайлы ойларымен бөлісті.
«Жастық шақта адам баласы әр нәрсеге құштар болады. Бірде ұшқыш, кейде заңгер, ал енді бір күні қаржыгер немесе мұғалім болғымыз келеді. Әрине, бұл – жақсы қасиет. Дегенмен, Абай атамыз айтқандай, біз бір мамандықты таңдап, сол кәсіпті немесе жұмысты арқаланып, белсенді түрде дөңгелетіп әкетуіміз тиіс. Сөйтіп, дүниенің бір кетігін тауып, сол жерге кірпіш боп қалануымыз қажет. Қазақстан – бейнебір алып ғимарат болса, сол зәулім үйдің әрбір кетігіне әрқайсымыз кірпіш боп қалануымыз керек. Тәуелсіздікке қосар үлес осыдан басталады», – деп атап өтті Бас мүфти.
Кездесу соңында студенттер көкейде жүрген сауалдарын қойып, мүфтимен емен-жарқын әңгімелесті.