ҚМДБ жанындағы «Зекет» корпоративтік қоры көпшілікке жуырда ғана «Ел үлесі пәтерге» атты жобасын ұсынған болатын. Сол жоба арқылы 11-нші баспана Алматы облысы Ақсу ауданының 6 балалы Саудабековтар отбасына бұйырды.
Көктемнің алғашқы жұмасында баспана кілтін ҚМДБ-ның төрағасы, бас мүфти Серікбай қажы Ораз салтанатты түрде табыс етті. Салтанатты жиында бас мүфти «Зекет» қорының қайырымдылық бағытындағы нәтижелі жұмыстарына тоқтала келе, осындай игі істің басы-қасында болып, атсалысқан азаматтарға, үлес қосқан барша жұртшылыққа үлкен алғысын білдірді.
{gallery}mufti3{/gallery}