https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

×

Предупреждение

JFolder: :files: Путь ведёт не к каталогу. Путь: /var/www/vhosts/taglym.kz/taglim.kz/images/konf
×

Внимание

Пожалуйста, убедитесь что путь к папке верен и такая папка действительно существует. Галерея не может найти папку: images/konf

Найб мүфти «Жастар және руханият» конференциясына қатысты

30 Jan 2019 0 comment Оқылды: 742 рет

Талдықорған қаласы Салтанат сарайында жастардың діни сауаттылығын арттыру мәселесі бойынша имамдарға арналған «Жастар және руханият» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Жиын Талдықорған өңірлік өкілдікті басқарып отырған Ардақ Нүсіпханұлының бастамасымен мемлекеттің дін саласындағы саясатын іске асыру және имамдардың жастармен жұмыс істеу тәжірибесін арттыру мақсатында ұйымдастырылды. Оған Алматы облысы әкімінің орынбасары Ақан Әбдуалиев пен имамдар, муфтияттың өкілдері қатысты.
Алғашқы сөз кезегін алған Ақан Жылқышыбайұлы мешіт қызметкерлерін аттестацияның сәтті аяқталуымен құттықтай отырып, Президенттің жастарға арнаған сөзіне тоқталды. Өңірдегі 408 218 жастың экономикалық ахуалын жақсарту мен білім алу мүмкіндігін кеңейтіп, мамандық бойынша жұмысқа орналасуға, кәсіпкерлікпен айналасуға мол мүмкіндіктер берілгенін айтты.
Жиында модератор болған ҚМДБ төрағасының орынбасары, наиб мүфти Алау Әділбаев дәстүрлі діни түсінікті қалыптастырудың мәні мен маңызы жайында сөз сөйледі.
– Сүнниттік бағыттағы Ханафи мазһабы – еліміздің негізгі дәстүрлі бағыты. Қазақ ешқашан да мұсылмандықтан шеттетілген емес. Шын мәнісінде, күллі жұртқа танымал, ислам өркениетіне үлкен үлес қосқан, әлемдегі екінші ұстаз атанған әл-Фараби мен М. Қашқари, Ж. Баласағұни сияқты бірқатар ғалымның қазақ жерінен шығуы – осының айқын көрінісі. Сондықтан, бүгінгі ұрпақ ислам дінін қадірлеп, ата дәстүрін ардақтауы тиіс. Кейбір теріс ағымның жетегінде кеткендер дәстүрге қарсы шығып жатыр,– дей келе, бесікке бөлеу, баланы қырқынан шығару секілді дәстүрдің дінмен байланысын Құран аяттарынан үзінді оқи отырып келтірді.
«Біз елдің дәстүрлері мен мәдени мұраларына сәйкес келетін діни сананы қалыптастыруымыз керек. Осы мақсатта өткен жылдан бері азаматтық қоғам институтының бастамасымен «Қазақстанда исламтану мектебін қайта жаңғырту бағытында үлкен жұмыс жасап жатырмыз»,– деген Алау Шайқымұлы жастар арасында заманауи талапқа сай дұрыс діни түсінікті қалыптастыру аса қажет екенін тілге тиек етті.
Облыстық дін істері басқармасының басшысы Рахмет Есдәулетов «Жастар жылы» аясында өңір жастарын имандылыққа тәрбиелеуде бірлескен жобаларды талқылау, жүзеге асыру жолындағы бүгінгі басқосудың өзекті болып табылатындығын айта отырып:
– Тұрғындардың, әсіресе, жастардың дінтанулық сауаттылығын арттыру, дәстүрлі діни құндылықтарды насихаттау, діни төзімділікті қалыптастыру бағытындағы мемлекеттік бағдарламалар мен басым бағыттарды жүзеге асыру жұмыстарын жүргізу аясында ҚМДБ-ның өңірлік өкілдіктерімен бірлескен ауқымды шаралар мен жобалар жүзеге асырылып келеді. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында ұйымдастырылған «Рухани керуен» жобасына өңір имамдарының қосқан үлестері зор, – деген Рахмет Разбекұлы бір жыл көлемінде атқарылған жұмыстарымен таныстырып, діни мәселелерді шешуге ықпалын тигізіп жатқан шаралар жайында баяндады. – Әр жылы діни басқармаға қарасты имамдардың діни, құқықтық білімдерін жетілдіру мақсатында интерактивті семинар-тренингтер, оқыту курстары ұйымдастырылады. Үстіміздегі жылы екі өңірде өткен 3 күндік оқыту семинарында 151 имам білімдерін жетілдірді, – деді.
Конференция барысында ҚМДБ-ның құрушысы әрі тұңғыш төрағасы, Еңбекшіқазақ ауданының құрметті азаматы Рәтбек қажы Нысанбайұлының «Тарих. Тағылым. Өнеге» атты кітабының тұсаукесері өтті. Толықтырылып, екінші мәрте басылған кітап исламтанушыларға, сондай-ақ, дінтанушыларға, тарихшыларға, тілін, ділін, ұлтын сүйетін қалың оқырмандарға арналған. Автордың айтуынша, ғылым мен білімді ұштастырған бұл кітап – қазіргі өмірдің бір парасы. Танымы мен тағылымы мол еңбек жазған Рәтбек қажы кітап бастырып шығаруға қолдау көрсеткен облыс әкімдігіне және дін басқармасына ерекше алғысын білдірді.
Конференция қонағына жетісу жұртшылығы атынан Талдықорған өңірінің өкіл имамы Ардақ Нүсіпханұлы ақсақал иығына шапан жауып, ризашылығын және батасын алды.
Жиын соңында облыстық дін істері, жастар саясаты басқармасы, ҚМДБ-ның Талдықорған және Алматы өңірлері бойынша өкілдіктері арасында өзара әрекеттестік туралы төртжақты меморандумға қол қойылды.

Талдықорған өңірлік өкілдіктің баспасөз қызметі

 

{gallery}konf{/gallery}

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз