https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

БАС МҮФТИ "ЗЕКЕТ" ҚОРЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

25 Jan 2019 0 comment Оқылды: 519 рет

Бүгін Астанада Бас мүфти Серікбай қажы Ораз ҚМДБ жанындағы "Зекет" қорының өкілдерімен кездесті. 

Кездесуде қордың 2018 жылы жүзеге асырған игі жобалары баяндалды. Қор директоры Талғат Омаров Бас мүфтиге 2019 жылы жоспарға сәйкес атқарылатын ауқымды жұмыстар жайлы әңгімелеп берді.  Сонымен қатар, жуырда іске қосылған "Зекет" қорының мобилді қосымшасын таныстырды. 

Өз кезегінде ҚМДБ төрағасы Серікбай қажы Сатыбалдыұлы қор өкілдерінің жұмысын жоғары бағалап, батасын берді.

"Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының негізгі жұмыс бағыттарының бірі - қайырымдылық. Біз халықты әлеуметтік қолдау бағытындағы қайырымдылық жобаларымызды ұдайы жүзеге асыра беруіміз тиіс. Өйткені, Ислам - қайырымдылық пен мейірімділіктің, бауырмалдық пен бірліктің діні. Біз осынау қайырымдылық шаралар арқылы асыл дінімізді жан-жақты насихаттай аламыз. Жұмыстарыңызға береке тілеймін", - деп атап өтті Серікбай қажы Ораз.
Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз