Бүгін Астанада Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың төрағалығымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының аппарат жиналысы өтті.
Мəжіліске ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары Наурызбай қажы Тағанұлы, наиб мүфти Бауыржан қажы Əбдірашұлы, ҚМДБ Аппарат басшысы Ғылымбек Мəжиев, бөлім меңгерушілері қатысты.
Басқосуда уағыз-насихат жұмыстарын жандандыру, өзекті сұрақтар төңірегінде пəтуалар шығару, университет пен медреселерге шəкірт даярлау, жастар жылы аясында игі іс-шаралар ұйымдастыру, халал стандарттау саласын дамыту, мешіт құжаттарын дер кезінде тиісті мекемелерге тіркеу, т.б. мəселелер талқыланды. Сонымен қатар, 2019 жылдың жұмыс жоспары бекітілді.
Кездесу соңында Бас мүфти бөлім меңгерушілеріне нақты тапсырмалар берді.