https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

Ақордаға латын қаріптерімен жазылған жаңа Елтаңба ілінді

11 Nov 2018 0 comment Оқылды: 619 рет

Бұл өзгерістер 2018 жылдың 1 қарашасында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» заңына сәйкес күшіне енді.

Жаңартылған Елтаңба Парламент пен ҚР Үкіметінің ғимаратында да пайда болды, деп жазады strategy2050.kz.

Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылдың 12 қыркүйегінде Ғылыми техникалық комиссияның отырысы өтіп, мемлекеттік Елтаңбаға өзгерістер енгізу туралы шешім қабылдаған болатын.

Елтаңбадағы «Қазақстан» сөзі латын қарпінде QAZAQSTAN болып өзгертілді. Бұл Елтаңбаға енгізілген алғашқы өзгеріс емес. Бұдан бұрын 2017 жылы пантон түсі халықаралық Lab түс гаммасына ауыстырылған еді.

Өзгерістер Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақ әліпбиін кириллицадан латын қаріпіне көшіру туралы» Жарлығына сәйкес жасақталды.

Еліміздің Елтаңбасы, әмбеге аян, 1992 жылы қабылданды. Авторлары – Жандарбек Мәлібеков, Шот-Аман Уалиханов.

Фото: Бауыржан Жуасбаев 

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз