Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Астанада «Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газетінің ұжымымен жүздесті.
Бас мүфти жуырда Елордаға қоныс аударған басылым қызметкерлерінің жұмысына береке тіледі.
«Көштеріңіз көлікті болсын! Қоныстарыңыз құтты болсын! Мен – «Айқынның» тұрақты оқырманымын. Руханиятымыздың, асыл дініміз бен діліміздің жанашыры болған басылымның Елордаға басқан қадамы берекелі болсын. Жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін», – деді Серікбай Сатыбалдыұлы.
«Айқынға» арнайы келген Бас мүфтиге газеттің Бас редакторы, белгілі қаламгер Нұртөре Жүсіп алғысын жеткізді.
Кездесуден кейін Бас мүфти мен Бас редактор қоғамның рухани дамуы туралы пікір алысты.