https://www.facebook.com/taglym

    Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.      

БАС МҮФТИ КЕРЕКУ-БАЯН ӨҢІРІНДЕ

22 Sep 2018 0 comment Оқылды: 573 рет

Қазақ тарихында ұлтына қызмет еткен дара тұлғалар баршылық. Солардың бірі – танымал тарихи қайраткер, ағартушы, Баянауыл сыртқы округінің аға сұлтаны, шешен, би, ел басқарушы,өлкетанушы Мұса мырза Шорманұлы (1818-1884ж.ж.). Оның 200 жылдық мерейтойы Баянауыл ауданы Теңдік ауылындаарнайы бағдарлама бойынша думанды да тағылымды шаралармен әрленіп өткізілді.

Мұса мырзаның басына салынған ақ кесененің ашылу салтанатымен қатар жаңа мәдениет үйі және «Ақкелін» мұражайының ашылуы болып, жаңа мәдениет үйінде аталмыш датаға орай дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Сондай-ақ, аға сұлтан салдырған мектеп үйінің, қыстауының орындарына белгітастар орнатылды.

Теңдік жазығында жүздеген киіз үйлер тігіліп,  қолөнер көрмесі, қазақ күресі, асық ату, аламан бәйге, жорға бәйгелері сынды ұлттық ойындармен қатар гала концерт ұйымдастырылды.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өтіп жатқан аталмыш шараға Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз, Сенат, Мәжіліс депутаттары, министрлер, ғалымдар, өнер қайраткерлері қатысты. Ұлт тарихы мен мәдениетінің жанашыры болған мыңдаған халық жиналды.

Мұса мырзаның зиратына орнатылған ақ кесененің ашылу салтанатында Бас мүфти Серікбай қажы Ораз жиналған халық алдында тәлімді сөз сөйледі.

Мүфти өз сөзінде:

«Қаншама әсірелеп әспеттесе де, бұра тартып бүркемелесе де, қара жазып лағынеттесе де тарих шындығы замана бет-пердесін күні келгенде сапырып тастап, шындықты ашады, өз кесімін өз бітімін айтып береді. Мұса мырза қазақтың қара өлеңін ойға түйген, қара сөзін жанға тоқыған ақын жанды жан-жақты дарынды тұлға болды. Аға сұлтан бола жүріп, қазақ халқының тұрмыс-тіршілігін жақсартуда, мәдениетін дамытуда аса зор елеулі өзгерістер енгізген, өз дәуірінде арам пиғылды, ұлтты ұлтсыздандыру саясатына  қарсы тұрып, басын қатерге тіге жүріп, күрес жүргізді. Қазақ жастарының білім алуына үлкен көңіл бөліп, оқимын деп талаптанған жастарға арнап өз қаржысына Баянауылда мешіт, медресе салдырды. Оған қоса Павлодар, Ақмола, Санкт-Петербор қалаларында мешіт, медресе салуға демеушілік жасайды. Мұса мырза Омбыда қазақ қыздарын оқытып, тәрбиелейтін интернат та ашады.Ол өз халқының салт-дәстүрлерін, тарихы мен мәдениетін, этнографиясын терең зерттеп, құнды мақалалар жазып қалдырды. Осы мешіт, медреселерден қасиетті ислам дінін насихаттап, ел-жұртын білімге, адамгершілікке, ақиқатқа бастаған дін қайраткерлері шықты. Бүгінгі дәуірдегі қазақ ғылымы мен білімінің шамшырақтары болған бірқатар зиялы қауым өкілдері Мұса мырза тәрізді тұлғалардың ізбасарлары екенін аңғарамыз», – деп атап өтті.

Текті бабалар рухына бағыштап Құран оқып, дұға тілеген Бас мүфти игі-жақсылармен бірге жаңадан салынған кесенені тамашалап, осынау сауапты істі атқарған ел ағаларына шынайы алғысын айтты.

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз