Мекке қаласында Қажылық миссиясы жанындағы Уағыз-насихат тобының кезекті жиналысы өтті.
Жиынға наиб мүфти, миссия төрағасы Бауыржан қажы Əбдірашұлы, ҚМДБ Аппарат басшысы Ғылымбек Мəжиев, ҚМДБ Шариғат жəне пəтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай қажы Құрбанұлы, уағыз-насихат жұмысына жауапты имамдар қатысты.
Басқосуда қажылардың діни рəсімдерді дұрыс атқаруын қадағалау, діни үкім беруде жан-жақты мəселені ескеру, дәстүрлі емес діни көзқарастағы тұлғалардың уағыз жүргізуіне жол бермеу, əр қажыны толғандырған сұраққа тыңғылықты жауап беру, т.б. мəселелер талқыланды.
Жиын барысында ҚМДБ-ның Шығыс Қазақстан облысы бойынша өкіл имамы Ермек Мұқатай миссия жанындағы уағыз-насихат тобының жетекшісі ретінде тағайындалды.
Кездесу соңында Қажылық миссиясының басшылық құрамы имамдарға нақты тапсырмалар берді.