Басып шығаруға арналған нұсқасы

Тәубе мешітінде дін мен дәстүр дәріптелді

15 Apr 2023 0 comment Оқылды: 147 рет

Талдықорған қалалық “Тәубе” мешітінде дәстүріміз дәріптелді. Әз-Наурыз мерекесіне орай, 3 ші бөлімше тұрғындарымен бірлесіп, асық ату, қол күрес, сәбиді бесікке бөлеу, арқан тарту, азан шақырып ат қою сынды бірқатар шаралар жасалды. Облыс имамы, Алмас қажы Сағидоллаұлы халықты мерекемен құттықтап, батасын беріп, сәбидің тұсауын кесті. Түрлі спорттық ойындарының жеңімпаздары Алғыс хатпен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Шараның соңы көжемен жалғасын тапты.

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз