×

Предупреждение

JFolder: :files: Путь ведёт не к каталогу. Путь: /var/www/vhosts/taglym.kz/taglim.kz/images/sarkan19.10
×

Внимание

Пожалуйста, убедитесь что путь к папке верен и такая папка действительно существует. Галерея не может найти папку: images/sarkan19.10
Басып шығаруға арналған нұсқасы

Сарқан: ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚТЫҢ ҚАЙЫРЫН ӨЗІҢ КӨРЕСІҢ

19 Oct 2021 0 comment Оқылды: 360 рет


Өзін ғана ойлаған,
Жамандықтың белгісі.
Өзгені де ойлаған,
Адамдықтың белгісі.
Үлгілі сөз білмеген,
Надандықтың белгісі.
Бар-жоғына қарамас,
Анық жомарт, ер кіс

Қайырымдылық – мұқтаж жан­дарға көрсетілер нақты көмек, ізгіліктің анық көрінісі, адамның асыл қасиеті. Кісінің айнала­сын­дағы адамдарға танылатын тамаша қыры да қаншалықты қайырымды екендігінен байқалады.

Адам ұрпағына қайырымды­лықты жастайынан үйретіп, адам­гершілік қасиеттерге баулуға ұмты­лады. Алайда мың құбылған дү­ниеде табысын біреумен бөліспек түгілі өз басын асырай алмай жүр­гендер де баршылық. «Шын мәнінде, амалдар ниетке байланысты. Расында, адамға ниет еткені тиесілі», - деген тағылымды хадис бар. Жақсы ниет жақсылыққа жетелейді екен.

Деген­мен, олардың терістеу тірлігінен гөрі, жақсылардың шарапаты өмір­дің өзін әдемі көрсетеді. Жү­регінде иманы бар жұрт қолынан келгенше Алла алдындағы қа­сиетті парыздың бірін қайырым­дылық деп біледі.
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Бес нәрсенің қадірін біл. Олар: өлімнен алдын өмірдің, ауру келмей денсау­лықтың, әурешіліктен бұрын бос уақыттың, зағиптықтан бұрын жас­тықтың, кембағалшылықтан бұрын байлықтың қадірін біл» деген. Аста-төк болмаса да азын-аулақ табысының өзін өзгелермен бөлісіп жүретін жаз дидарлы жан­дарды көргенде, жүрегің жібіп сала береді. Сауапты істің сан соқтыр­майтынын білетін елдің бір бөлігі қолындағы барын бөлісіп келеді.
Сарқан аудандық орталық мешітінің ұйымдастыруымен,азқамтылған көп балалы,мүмкіндігі шектеулі,және жалғыз басты ,қарт отбасыларына көмірмен көмек берілді Алла қайрымды жандардың садақаларын қабыл етсін! шараға белсене атсалысқан мешіт жамағаты Алтынбеков Марат ағамызға және Толлияти Еркінбекке Алла разы болсын!

{gallery}sarkan19.10{/gallery}

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз