×

Предупреждение

JFolder: :files: Путь ведёт не к каталогу. Путь: /var/www/vhosts/taglym.kz/taglim.kz/images/2152
×

Внимание

Пожалуйста, убедитесь что путь к папке верен и такая папка действительно существует. Галерея не может найти папку: images/2152
Басып шығаруға арналған нұсқасы

Құрбан айт мерекесіне дайындық талқыланды

18 Aug 2018 0 comment Оқылды: 338 рет

{gallery}2152{/gallery}Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының Талдықорған өңірі бойынша өкілі, «Иман» орталық мешітінің Бас имамы Ардақ Нүсіпханұлының төрағалық етуімен өңірге қарасты мешіт имамдарына арналған кезекті алқалы жиыны өтті.
Жиналыс барысында мұсылман қауымы ұлықтаған қасиетті Құрбан айт мерекесіне дайындық талқыланды. Арнайы дайындалған құрбандық шалынатын орындар, қасапшылар қызметінің жоғары дәрежеде атқарылуы, діни мерекелік іс-шаралардың барлық мешіттерде өткізілуі пысықталды. Сонымен қатар алқалы жиынға арнайы келген Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының іс басқарушысы Орын Ербосын Бектұрсынұлы діни қажетті құжаттарды рәсімдеу бағыты, құқықтық тұрғыда бірқатар ескеретін мәселелерге ақыл-кеңестер берді. Күн тәртібінде тұрған барлық жұмыстар қаралып, өкіл имам өңірге қарасты қала, аудан имамдарына алда іске асатын шараларға байланысты нақты тапсырмалар берді.

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз