×

Предупреждение

JFolder: :files: Путь ведёт не к каталогу. Путь: /var/www/vhosts/taglym.kz/taglim.kz/images/3211
×

Внимание

Пожалуйста, убедитесь что путь к папке верен и такая папка действительно существует. Галерея не может найти папку: images/3211
Басып шығаруға арналған нұсқасы

"Адамгершілік - рухани тәрбиенің маңыздылығы" тақырыбында жастармен кездесу өтті.

14 Aug 2018 0 comment Оқылды: 505 рет

{gallery}3211{/gallery}Талдықорған қаласының «Жас Отан» жастар қанатының және Талдықорған өңірі, орталық «Иман» мешітінің жастар секторының бірлесе ұйымдастыруымен Алматы облысының жастар ресурстық орталығының коворкинг залында "Адамгершілік - рухани тәрбиенің маңыздылығы" тақырыбында маргинал жастармен кездесу өтті. Кездесудің негізгі сарына жастар жолына бағытталды.Жастардың бүкіл өмірі алда және болашағы зор. Жастарға жүктелетін міндет те салмақты.Қазіргі заманға сай білім алып, өмір сүру деңгейін арттыру, экономиканы дамытып, азаматтық қоғамды қалыптастыру, рухани ұлт тәрбиелеу және қоғамға пайдалы нәрсемен айналысу. Десекте,осы тұрғыда діннен алшақтамай, осының барлығын дінмен ұштастыра білу жолдарын тілге тиек еткен Талдықорған өңірі бойынша орталық «Иман» мешітінің найб имамы Шынарбек Өкен ұстазымыздың айтары көп болды. «Ақыл»,«Қайрат»,«Жүрек» үшеуі біріксе, рухани бұғаудан босап, кемелді болашаққа бастар жастар жолының айшықталатынында алға тартты. Аталмыш іс-шарада жастардың тәрбиесінің маңыздылығы жайында көптеген сұрақтар қойылып, өзекті мәселелер орта салынды. Берері мен алары көп болған ашық әңгіме алаңында жауапсыз қалған сұрақтар болмады.

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз