Басып шығаруға арналған нұсқасы

БАС ИМАМ АҚСУ АУДАНЫНДА ЖЫЛ ЖОСПАРЫН ТАНЫСТЫРДЫ

10 Mar 2023 0 comment Оқылды: 166 рет

ҚМДБ Жетісу облысының бас имамы Алмас Сағидоллаұлы Ақсу ауданына іс-сапармен барып, аудан-ауыл имамдарымен кездесті. Жиын барысында мүфтият бекіткен “Ислам және ізгі қоғам” жылында атқарылуы қажет жұмыс жоспарын талқылады. ҚМДБ қабылдаған қызметтік құжаттар жайында айтып, тақырыптық семинарларда дәріс өткізді. Дін қызметкерінің келбеті, насихат жұмыстары жайында нақты тапсырмалар берді.

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз