Басып шығаруға арналған нұсқасы

ЖАСТАР ЖӘНЕ ДІНИ ӘЛЕУЕТ

10 Mar 2023 0 comment Оқылды: 122 рет

ҚМДБ Жетісу өкілдігінің “Жастар ісі” секторы мен “Дін мәселелерін зерттеу орталығы” ұйымдастырумен Жастар және діни әлеует тақырыбына кездесу өткізілді. Кездесуге Талдықорған қаласының «Көктал» шағын ауданының Көктал ауылы мешітінің найб имамы Жұпарымбет Әбжали шақырылды. Алғы сөзді мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары алып, оқушыларға қонақты таныстыра отырып, жиынның мақсатын айтып өтті. Кездесу құқық айлығының жұмыс жоспарына сәйкес ұйымдастырылды. Жұмыс барысында Әбжали мырза ата-ананы құрметтеу, жат ағымдардың жетегінен сақтану, мектеп қабырғасындағы тәрбие мен білім туралы өзінің ақыл-кеңестерін айта келе, оқушыларға тәртіпті, үлгілі, білімді болуға талпыну керектігін ескертіп оқушыларға қанат бітіргендей болды. Жиын барысында оқушылармен керібайланыс орнатылды. Қорытындылай келе, кездесуден оқушылар түйінді ой түйіп, жақсы әсер алды.

Просмотр изображений в онлайн галерее Flickr:
http://taglim.kz/blogs/is-sharalar/item/4061-zhastar-zh-ne-dini-leuet.html?print=1&tmpl=component#sigProId09cab82127

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз