Басып шығаруға арналған нұсқасы

“ХАЛАЛ” сертификатын алған дәмханалар тексеруден өтті

10 Mar 2023 0 comment Оқылды: 111 рет

Жетісу жеріне елордамыздан арнайы ат артып келген ҚМДБ "Халал даму" ЖШС өкілдері қаладағы "Халал" сетрификатын алған дәмханаларға тексеріс жүргізді. Тексеріс тобында "Халал даму" бас сарапшы-технологы Жанар Мұратқызы, технолог Әселхан Сәбитқызы, "Халал даму" бойынша Жетісу облысындағы өкілі Ордыбайұлы Мұхаммед болды. Комиссия мүшелері өңірдегі барлық сертификатталған ас үйлерін тексерді. Мамандар ғимараттың, ас дайындалатын орындарының тазалығын, тағам қоспаларын, азық-түлік қоймасын толықтай аралып шығып, тізімге сәйкес талаптардың орындалуын қадағалады.

 

Әр тексеруден кейін мекеме қызметкерлерімен түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, халал астың маңыздылығы жайында насихат айтылды.

Пікір жазуға мүмкіндік алу үшін сайтқа өз атыңызбен кіріңіз